Тағы бір спорт алаңшасы ашылды

Screenshot_5.png

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту, балаларға спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, қалада көптеген спорт нысандары ашылып, тұрғындар игілігіне берілуде. 

Бұл бағытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында да бірқатар шағынаудандарда спорт клубтары жұмыс істеуде. 

Шымкент қаласы әкімінің шалғай елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту және баршаға қолжетімді спорт жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы Қайнарбұлақ тұрғын алабында жаңа спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Қаратау ауданының әкімі А. Әліқұлов демеушілер есебінен салынған көп функционалды спорт алаңшасының жұмысымен танысты. 

Аталған спорт алаңшаның құрылысына демеушілер есебінен 14,5 млн теңге қаралып, мердігер мекеме «Ферротекс» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі  таңда  спорт  алаңшасы тұрғын  алаптағы  № 83 мектепке  пайдалануға  берілуде.

Қалада бұл бағыттағы жүйелі іс-шаралар одан әрі жалғасын табатын болады. 

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, қазақстандықтардың 35 пайызы бұқаралық спортпен қамтылуы тиіс.  Осыған байланысты қала аумағында әрбір қала тұрғынын спортпен қамту үшін көптеген спорт алаңдарының құрылысы жоспарланған. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер