Рухани жаңғыру ұлт болмысын қалыптастырады

Screenshot_8.png

Шымкентте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Бұл жолы Елордадан арнайы келген білікті мамандар мемелекеттік қызметкерлерге семинар өткізді. Тренинг барысында ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, тың идеяларға толы ақпараттармен бөлісті.

"Тренинг алдымен екі жақтың бір-бірлерімен танысуынан басталды. Одан кейін түрлі ойындар ойнатылып, қажетті ақпараттармен бөлісті. Карантин талаптарын сақтай отырып, 10 қызметкер қатысты. Жиынның басты мақсаты - «Рухани жаңғыру» аясында «Үздік жобалар жинағын» әзірлеу, өңірлік жобалық кеңселерге әдістемелік көмек көрсету болып табылады",-  дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі,  «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Боқанова.

Аталған семинарда берілетін мәліметтер мен мазмұнды ұсыныстар алдағы уақытта бағдарламаның ұлттың жаңғыруы кезеңінде сапалы жұмыс істеуге септігін тигізеді. Сонымен қатар нәтижелі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деген сенім бар дейді,- мамандар. Ауқымды түрде өткен семинар-тренингте қатысушылар және мекеме ұжымы қорытынды жасап, кофе-брейк көңілді сергітті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер