«Тұрланда» балалар алаңшасы пайдалануға берілді

Screenshot_50.png

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыта отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру ісін жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында ауқымды істер атқарылуда. Мәселен «Тұрлан» шағынауданында балалар ойын алаңшасы ашылды.

Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов «Тұрлан» шағынауданы М.Тореза көшесіндегі №6, 6А, 6Б, 6В тұрғын үйлерінің ауласын абаттандыру жұмыстарының барысын аралап көрді.

№6, 6А, 6Б, 6В тұрғын үйдің ауласына балалар ойын алаңшасын орнату үшін бюджеттен 78,9 млн теңге қаржы қаралған. Мердігер мекеме «Дорсервис» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Балалар ойын алаңшасында орнатылған құрылғылар 100% Шымкентте өндірілген өнімдер. Құрылыс жұмыстары биыл қыркүйек айында толық аяқталады.

Абай ауданы аумағында жалпы 21 ауланы абаттандыру үшін бюджеттен 695,1 млн теңге қаржы қаралған. Бүгінгі таңда мердігер анықталып, келісімшарт түзу жұмыстары жүргізілуде.

Елдімекендер мен көпқабатты тұрғын үй аулаларына 35 спорт алаңшасын орнату үшін бюджеттен 678,3 млн теңге қаржы қаралып отыр. Бүгінгі таңда мердігер анықталып, келісімшарт түзу жұмыстары атқарылуда.

Тұрғындармен кездескен қала әкімі, бұл бағытта жұмыстардың үнемі жалғасатынын айта келе, аулаға орнатылған дүниелерді күтіп ұстаудың маңыздылығына тоқталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер