Шымкентте мектеп құрылысы қарқынды

Screenshot_55.png

Мектеп құрылысы қарқындамаса, алдағы 4-5 жылда миллиондаған оқушы білім ошақтарына сыймау қалуы мүмкін. Бүгіннің өзінде елімізде 225 мың орын тапшы екен. Осыны ескерген ел Президенті кезекті Жолдауында білім нысандарын салуға басымдық беріп отыр. Мектеп тапшылығы Шымкентте де байқалады. Жылдан-жылға халық саны артып келе жатқан үшінші мегаполисте бұл мәселе қалай шешілмек?

Білім саласындағы өзекті проблемалардың шешімі ел Президентінің соңғы  Жолдауында шегеленді.   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  білім сапасын арттыруда бірқатар міндеттерді жүктеді. Білім беру қолжетімді және инклюзив болуы керек деген  Президент қашықтан оқыту форматына арналған ақпараттық жүйелердің сапасын арттыруды тапсырды.  Өзекті мәселелердің бірі – мектептерде оқушылардың орын жетіспеушілігі. Президент пәрменімен енді мектеп  құрылысына да қарқын берілетін болды.

Қазіргі таңда  қаладағы оқушысы көп №47 мектептің қосымша құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде 2 жарым мыңдай шәкірт білім алып жатқан мектептің жаңа корпусына тағы 300 оқушы сыйып кетеді.  Спортзал, 110 орындық асхана қарастырылған. Қалада бүгінде осындай 5 мектепке қосымша құрылыс жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, шаһарда биыл бюджет есебінен жалпы 7,9 млрд.теңгеге 11 білім нысанының құрылысы жоспарланыпты. Биыл апатты мектеп мәселесі толығымен шешімін тапқанмен, үш ауысымда білім беретін мектептер әлі де бар.  Билік өкілдерінің айтуынша, 2025 жылға дейін қалада 72 мектеп құрылысы жүргізілетін болады. Жаңа оқу жылында 20 мектеп қолданысқа беріліпті.

Салаға жауаптылар қалада үш ауысымдағы мектептер мәселесін 2023 жылға дейін толығымен шешеміз деп отыр. Бұл түйіткілдің түйінін тарқатуға жеке инвесторлар да атсалысуда. Қалада жан басына қаржыландыру жүйесімен  жекеменшік мектептер бой көтеріп келеді. Бұл әдіс үкіметке де кәсіпкерге тиімді дейді мамандар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер