Ағарту апталығы басталды

Screenshot_23.png

Қазіргі таңда елімізде оқушы жастардың кітап оқымайтыны туралы жиі айтылатыны жасырын емес. Жалпы, оқушылар кітап оқымай ма, әлде мектеп оқушылары қызығып оқитын көркем әдебиеттер жоқ па деген сұрақтың да ойға оралатыны анық. Жас жеткіншектерді «кітап оқымайды» деп бекерге кінәлай бергенше олар қызығып оқитын кітаптарды көптеп шығарып, алыс ауылдардағы мектептерге таратудың маңызы зор.  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «2021 жылды Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялаған болатын.

Айтулы жобаны қолдау мақсатында  Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің ұйымдастырумын №8 отбасылық  кітапханада «Жетістікке жеткізетін кітаптар» апталығының ашылуы өтті. Жиынға балалар жазушысы Қожагелді Исаев пен фантаст-жазушы Сарманбай Исақов қатысты.

— Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында балалардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру біршама қиындап кетті. Десек те, балалардың дүниетанымын арттырып, отансүйгіштікке тәрбиелеп, білім мен ғылымға жетелеуде кітаптың, оның ішінде балалар әдебиетінің орны ерек, - деп атап өтті С.Исақов. 

Салтанатты шарада Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің «Асыл әжелер» ансамблі әннен шашу шашты. Жазушылардың тұщымды әңгімесінен соң, «Кітап әлемінде» танымдық сұрақ-жауап сайысы өтті.  Сонымен қатар, ұйымдастырушылар №13 жалпы орта мектептің оқушылары заманауи жаңартудан өткен кітапхана ғимаратын аралап,  ондағы жаңа кітаптармен танысты.   Айта кетейік, апталық 12-19 қазан аралығында өтеді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер