Жаңа автобустар шалғайдағы елдімекендерге қатынай бастады

1531394183.jpeg

Шымкентте қала халқының cаны артуына байланысты қоғамдық көліктерге деген мұқтаждық арта түскен болатын. Аталған проблеманы шешу мақсатында жақында шаһарға жаңа автобустар жеткізілген болады. Шымқаланың символы қызғалдақтың бейнесі бар көліктер түрлі бағыттарға қатынай бастады. Әсіресе қала сыртындағы тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Себебі заманауи су жаңа автобустар - Ынтымақ, Жаңаталап, Шапырашты, Өтеміс, Абдулабад, Ақжар, Ақтас, Мирас, Бадам-2, Текесу, Айнатас секілді шалғайдағы елді-мекендердің жолаушыларын тасымалдауда. «T-bus» компаниясы жыл соңына дейін тағы 70 жаңа автобус жеткізуді жоспарлап отыр. 

      Айта кетейік, «Ютонг» маркалы бұл автобустардың сыйымдылығы жоғары, заманауи және қолайлы. Бұл компанияның автобустары бұған дейін де қала көшелерінде қатынап жүр. Осылайша «T-bus» компаниясының өкілдері қаладағы жолаушы тасымалдау қызметінің сапасын жақсартуға үлес қосамыз деп отыр. Еске сала кетсек, бұған дейін  қаладағы 40 елдімекенге 10 бағытта қатынайтын 100 автобус сатып алу мәселесі көтерілген болатын.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Поддержка гражданами политического курса Президента Токаева остается на высоком уровне
  • Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр
  • Тыл ардагері Қазына Бектемісованың еңбек жолы ұрпаққа үлгі
  • Шымкент қаласында «Келешек мектебі» үлгісіндегі жаңа мектеп іске қосылды
  • Балаларға шипа, ата-анаға сенім сыйлаған дәрігер
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер