Құқықтық сауаттылық-өркениеттіліктің белгісі

Screenshot_2.png 

Ата Заңымыздың 1-бабымен Қазақстан «құқықтық мемлекет» деп танылған. Құқықтық мемлекеттің әрбір азаматы құқықтық саналы, құқықтық мәдениетті болуы қажет. Мемлекетіміздің осы мақсатпен қабылдаған «2010–2020 жылға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы» да осыны көздеді. Алайда елімізде күнделікті орын алып жатқан оқиғаларға қарап, құқықтық сауаттылық әлі де төмен екенін көріп отырмыз.

Өз құқығыңды біліп, оны талап ету құқықтық сауаттылықтың тек бір бағыты. Кейде, заңды біле тұра ешнәрсе істей алмайтындай жағдай болады. Себеп – құқықтық сауаттылықтық болмауы.

Ондай жағдай да, адамдар алданып, өзгенің арбауында кетеді. Тіпті, алаяқтарға жем болып, қалтасындағыны қағып беретіндер өте көп.

Осыған орай, Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері Забадам елді-мекенінің тұрғындарымен кездесті.

Олар, тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, рухани құндылықтарды дамыту бойынша сыр шертісіп, ой бөлісті. Сондай-ақ, заңнамаға енгізілген өзгерістермен таныстырды.

Кездесуге құқықтық сауаттылық бойынша «Әділдік жолы» Қоғамдық бірлестігі Шымкент қаласы филиалының төрағасы Айжан Кесебай, психолог, оратор Марал Жұмагелді мен Мансап орталығының маманы Журимбаева Сайда қатысты.

Сала мамандары халықтың ой-пікірін тыңдай отырып, психологиялық кеңестер берді. Бұдан бөлек, мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктер мен бағдарламалар жөнінде толығырақ түсііндірме жұмыстарын жүргізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер