Шымкентте жастар арасындағы білімділікті, зияткерлікті насихаттайтын шаралар көптеп ұйымдастырылуда.
Қалалық Жастар ресурстық орталығында Конституция күніне арналған “IQ ZHASTAR” қалалық интеллектуалдық сайысының финалдық кезеңі өтті. Екі күнге созылған сайыстың жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы «Шымкент келбеті» хабарлады.
Жобада қаланың белсенді жастары, блогерлер, жас журналистер, жайдарманшылар, жас ғалымдар, оқу орнының үздіктері, мемлекеттік қызметкерлер, ұстаздар, кәсіпкерлерден құралған жалпы 16 команда бақ сынады.
Зияткерлік ойында Шымкент қаласының жайдарманшыларынан құралған “Жайдарман” командасы жеңімпаз атанды. ОҚУ-дың Әуезов құрамасы екінші, А.Асқаров командасы үшінші орынды иеленді.Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Әбілхайыров жеңімпаздарды құттықтап, арнайы жүлделерді табыс етті.
Жүзден жүйрік атанған жеңімпаздар қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы атынан диломдар және бағалы сыйлықтармен (ноутбук, планшет, смартфон) марапатталды. Сайыс жастардың интеллектулды әлеуетін арттыра отырып, жаңа орта табуға көмектесу мақсатында жүзеге асырылып отыр.
Соңғы шешуші кезеңде жайдарманшылар командасы 11 сұрақтың төртеуіне дұрыс жауап беріп, үздік атанды. Команда мүшесі Нұрым Досболов сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, зияткерлік ойында командаластары алғаш рет топ жарғанын атап өтті.