Шымкентте Тәжікстанның «Саразма признание» фильмі көрсетілді

22.jpg 

Шымкентте тәжікстандық “Саразма признание” фильмі көрермендерге көрсетілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фильм авторы - Шавкат Мухаммади және Тохир Асрориён.

Режиссеры - Рустам Сатторзода, оператор Шухрат Курбанов.

Фильм көне Саразмның 5500 жылдығына арналған. Саразм – біздің дәуірімізге дейінгі IV-III мыңжылдықтардағы неолит, қола дәуірлерінің егіншілік, қала құрылысы және басқа да қолөнер мәдениеті туралы сыр шертетін үлкен ашық аспан астындағы мұражай.

Ежелгі Саразм – шығармашылықтың, тарих пен өркениеттің, өнер мен сиқырдың, сондай-ақ адамзат тарихының көмескі тұстарының озық үлгілерін бейнелейді. Сондай-ақ Орталық Азия мен Таяу Шығыстың тарихы мен өркениетін ашық көрсетеді.

Айта кетері, Шымкентте Тәжікстан Республикасының мәдениет күндері өтіп жатыр. Бұған дейін «Көрме» орталығында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және ұлттық өнер көрмесі, ал Қажымұқан атындағы орталық стадионда ауыл шаруашылығы және ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтті. Тәжік кәсіпкерлерінің ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарлары ұсынылған жәрмеңкеге 189 тонна анар, алмұрт пен алма, 46 тонна кептірілген жеміс, 85 тонна бақша өнімдері – қауын, қарбыз,асқабақ, 248 тонна көкөніс, 8 тонна бал және 13 тонна өнеркәсіптік тауарлары қойылды.

Бауырлас елден келген делегация сонымен бірге 2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласының тарихымен де танысты. «Шым қала» тарихи - мәдени кешеніне делегацияны Тәжікстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Хакимзода Курбон бастап келді.

 

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: елімізде цифрлық экожүйе қалай қалыптасып келеді
  • Жолдау-2024: тұрақты өсу, жасанды интеллектіні дамыту және білім беру бастамалары
  • Послание–2024: рост IT-отрасли и стратегия развития ИИ
  • Өмірін бала күлкісімен өрнектеген күтуші
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер