«Цифрлық нотариат» жобасы іске асуда

39.jpg 

2023 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Цифрлық нотариат» пилоттық жобасын іске қосу туралы бірлескен бұйрығы бекітіліп, Республика аумағында сенімхаттарды онлайн куәландыру жұмысы іске қосылды. Осы бағытта мүлікке билік етуге байланысты сенімхаттарды қоспағанда, барлық сенімхаттарды цифрлық түрде куәландыруға болады. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Айнұр Исабекова мәлім етті.

Сенімхаттарды онлайн куәландыру бойынша Шымкент қаласында 33 нотариус Пилоттық жобаға қосылған. Бүгінде осы нотариустармен пилоттық жоба аясында 284 сенімхат куәландырылған.

Аталған Пилоттық жобаның тиімділігі, ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында сенімхаттарды қашықтан жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне 2022 жылғы 14 шілдеде бірқатар өзгерістер енгізілді. Өзгерістердің ең маңыздысы, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ функциялары жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының» басқаруына берілді. Аталған Кодекске сәйкес, енді азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік корпорация көрсетеді.

Бұдан басқа осы уақытқа дейін, Департаментке әділет органдарының бұрын берілген функциялары бойынша азаматтардың өтініштері келіп түсетінін атап өткен жөн, мысалы: жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды тіркеу, бұл функцияларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен 2018, 2019 жылдардан бері жүзеге асырады. Әділет органдарының құзіретіне аталған функцияларды бақылау және әдістемелік көмек көрсету кіреді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер