Шымкент: Күздің алғашқы сенбісінде сенбілік өтті

43.jpg 

 Шымкент қаласында жалпықалалық сенбілік өтті. Күз мезгілінің алғашқы сенбісінде өткен тазалық шарасына мемлекеттік қызметкерлер, мектеп пен өзге де мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлік нысандарының иелері мен тұрғындар белсенді түрде қатысты.

Мәселен, Тұран ауданының өзінде қаланың, қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамайтын 3 мыңнан астам азамат сенбілікке қатысып, айналаны күл-қоқыстан тазартты.

Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, Тұран ауданының аумағында өткен сенбілікке 10 арнайы техника, атап айтқанда, 6 қоқыс таситын жүк көлігі, 2 қоқыс салғыш трактор мен 2 автокран тартылған.

Сенбілікке қатысушылар айналаны қоқыстан тазартумен шектелмей, ағаштардың қураған бұталарын кесіп, ретке келтірді.

Аталған игілікті шараға Қаратау ауданы тұрғындары, кәсіпкерлер және аудан әкімдігінің қызметкерлері де белсенді түрде қатысты.

Атап айтар болсақ, «Қаратау» КММ-інен — 130, ал, аудан әкімі аппаратынан — 70 қызметкер және 500-ге жуық тұрғын мен кәсіпкерлер тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына 12 арнайы техника жұмылдырылды.

Сенбілік барысында аудандағы табиғат жанашырлары орналасқан кәсіпкерлік нысандарының аумағын, гүлзарлар мен саябақтарды, қоғамдық орындарды, көп қабатты үйлер аулалары және көше бойындағы арық-атыздарды қоқыстан тазартты.

Сүйікті қаламыздың экологиялық ахуалы мен тазалығына бейжай қарамайтын жанашыр азаматтар аталған шараға белсенді түрде қатысты.

Атап айтар болсақ, Абай ауданы аумағындағы кәсіпкерлік нысандардың аумағы, гүлзарлар мен саябақтар, көп қабатты тұрғын үй аулалары және көше бойындағы арықтар тазаланды.

Бұл жұмысқа «Абай» КММ-інен — 120 адам, аудан әкімі аппаратынан 75 қызметкер және 500-ден астам тұрғын атсалысты.

Қаланы көріктендіру жұмыстарына 14 арнайы техника да тартылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер