«Заң алдында бәрі тең»

 Screenshot_1.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары саласындағы шараларды кеңейту туралы Жарлыққа қол қойып, адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы» 2021 жылғы 9 маусымдағы Жарлыққа қосымша тармақ енгізді. Онда адам құқықтары мен заңның үстемдігі саласындағы одан әрі шаралар жоспарын бекіту туралы айтқан болатын. Азаматтардың құқықтық сауаттылығы, өз құқығын білуі, заңды құрметтеуі өркениеттіліктің белгісі. 

Осы орайда, Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында «Заң алдында бәрі тең» тақырыбында кездесу өтті. Бұл туралы Шымкент Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Энергетика және байланыс колледжінде өткен кездесуге Тұран ауданының полиция аға лейтенанты Иляс Серік қатысып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында бірқатар заңдар жөнінде айтып берді.

-Қазіргі таңда азаматтардың құқықтық мәдениетін, саяси белсенділігін қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі екені белгілі. Құқықтық мәдениет -азаматтық қоғамдық сана мен әлеуметтік өмірде қоршаған ортаны танудан, зерттеуден, өзара құқықтық қатынастарға баратын түсініктердің қалыптасуынан көрінеді, - деді полиция аға лейтенанты.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы аумағында өтіп жатқан рейдтік іс-шараларға тоқталып, түнгі уақыттарда кәмелет жасына толмаған жастардың заңды өкілінсіз жүруінің қауіп-қатерін жеткізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер