Қожа Салық кесенесі

511e25893a772374a2d624a078e3179b.jpg 

Бүгінде Шымкент қаласына қарайтын Сайрам елді мекенінде Қожа Салық кесенесі бар. Аңыз бойынша ол  Қыдыр атаның әкесі деп есептеледі.

Бұл нысан бүгінгі Сайрамның орталығына жақын жерде, Мәртөбеге баратын жолдың бойында жатыр. Қожа Салық кесенесі Сайрамдағы көне ғимараттардың бірі болып есептеледі. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, әулиенің басына алғашқы ғимаратты Сұлтан Мансұр тұрғызған. Кірпіштен салынған, нысанның ішінде жоғары көтерілетін баспалдағы бар. Кесене төрт қырлы. Алғашқы кесене 6-ыншы, енді бір деректерде 11 ғасырда салынса керек. Бірақ тарихшылар қазіргі ғимарат 19 ғасырда ортасында тұрғызылған дейді. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында кесенеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сексеніші жылдары ол мемлекет қорғауына алынған. Тоқсаныншы жылдары кесенеге қалпына келтіру жұмыстары қайта жүргізілген. Соңғы жылдары әулиеге Ергеш деген ақсақал шырақшылық етті. Ол қайтыс болғаннан кейін бұл қызметті оның кемпірі Хабиба апа жалғастырды. Хабиба апа 2020 жылы о дүниелік болған. Содан бергі аралықта кесенені күтіп ұстау жұмыстарымен оның ұлы Толқын айналысады.

 Толқын Исрайыловтың айтуынша, кесенеге 2010 жылы экс-сенатор Өмірбек Байгелді күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген. Кесененің ауласы кеңейтіліп, ғимараттың сырты шығыстың ою-өрнектерімен әрленген.

-Күрделі жөндеу жұмыстарын Өзбекстаннан әкелінген ұсталар жүргізді. Оған ғылым кандидаты атағы бар азамат жетекшілік жасады,-дейді Т.Исрайылов. 

Соңғы жылдары кесенеге келіп зиярат ететін азаматтардың  қатары күрт сиреген. Неге? Шамасы бұған «әулиеге зиярат ету, әулиеден сұрау ширк» деген түсініктер әсер ететін сияқты.

Жалпы Сайрам өңірінің тарихы аңыз-әпсаналармен астасып жатыр. Жергілікті халықтың қолында сақталып қалған шежірелерде Сайрамның негізін Ыдырыс пайғамбардың қалағаны жазылған. Халық арасындағы түсінік бойынша Мұса пайғамбардың замандасы Юша пайғамбардың моласы Сайрамға жақын жерде жатыр. Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған Қазығұрт тауы да осы арадан алыс емес. Бірақ бүгінгі ұрпақ ғасырлардан ғасырларға жалғасып келе жатқан осындай аңыз-әңгімелерге, Қыдыр атадан даритын құт-берекеге, қасиетке сене ме?


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер