«Kieli Tabigat» Қарашаш ана кесенесінде өтті

11.JPG 

Шымкентте  «Kieli Tabigat» республикалық сенбілігі Сайрам ауданында орналасқан ұлы уағызшы-сопы Қожа Ахмет Яссауидің анасының мазары - Қарашаш ана кесенесінде өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.   Сенбілік акциясына жиналған жастар кесене маңындағы қураған ағаштар мен артық заттардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Қарашаш ананың шын есімі – Айша бибі. Ол Сайрамдағы атақты Муса шейхтің қызы болған. Қарашаш Ана сол уақыттағы әйелдердің ең білімді, тәрбиелісі болған тұғын. Бай және әулетті отбасыдан шыққан Қарашаш ана жаман мінезді болмаған, ешқашан өзін менменшіл, мақтаншақ ұстаған емес. Ол адамдарды емдеп, олардың түстерін болжай алған. Атақты Қарашаш ана көп уақытын өз балаларының тәрбиесіне ғана емес, көмек қажет адамдарға қол ұшын созуға бөлген. Осылайша ол өз ауылына өзінің аналық қасиетімен танымал да сыйлы бола алды. Аңыз бойынша, сол уақыттағы күмбездің басына Айша бибінің қара шашының бір талы ілінген тұғын, алайда ол кейін жоғалып кетті.

Ең алғаш кесене 8 ғасырда құрылған. Алайда табиғи жағдайлар мен уақыттың әсерінен кесене құлап, қайта қалпына келген. Осы күнге дейін сақталып келген кесене 19 ғасырдың ортасына жатады. Кесене Орталық Азияда және Қазақстанда тараған төртбұрышты 27*27*5 см көлемді күйген кірпіштен жасалған. Сонымен қатар, құрылыста ағаш, саз тәрізді табиғи материалдар қолданылған. Қабырғаны тұрғызу кезінде арша қолданылған. 19 ғасырда қайта тұрғызылу кезінде күмбез үлкен өзгерістерге ұшырады. Кесененің көлемі шаршы тәрізді, 6,3 * 6,3 м. Ғимарат бұрыш қалқандарына негізделген барабанда тұрған күмбезбен аяқталады. Күмбез биіктігі 7,08 метр. Оңтүстік және батысындағы қабырғаларының маңдайшалары сүйір жерге ұқсатылып өрілген, өрнекті кірпіш қалау әдісімен күмбез дөдегесін айналдыра белдеу тартқан.  Ғимараттың қасбетінде кәдімгі кірпіш қолданылған. Еден құм үстінде орналасқан, кірпіштерден жасалған. Күмбездің төрінде Қарашаш ананың мәрмәр тақташалармен көмкерілген қабірі бар. Кесененің 2 ғасырдан ұзақ сақталуы ғимараттың жақсы материалдардан сапалы жасалғанын білдіреді. Құрылыста қолданылған ағашты детальдары, оюлары тоқырамаған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер