Шымкентте Еңбек күні қарсаңында ерікті жастар тарихи және мәдениет ескерткіштерді тазарту шараларын жүргізді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.
Қаламыздың басты символына айналып үлгерген – Бәйдібек би алаңы мен саябақтардағы ескерткіштердің шаң-тозаңдарын сүртіп, ескерткіштер маңында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Белсенді жастар өзгеде қала жанашырларына челлендж жолдап, қаламыздағы тарихи және мәдениет ескерткіштерді бірге тазартуға шақырды.
Бәйдібек бидің ескерткіші Шымкент қаласында 2012 жылдың күзінде ашылған және сол жылы Оңтүстік Қазақстан облысының 80-жылдығына орайластырылған. Өзінің ашылуына дейін бұл монумент Қазақстанда аса танымал болды, бұл елдегі ең биік ескерткіш болып табылады, сонымен қатар бүл әлемдегі ең биік ескерткіштердің бірі болып саналады.
Ескерткішті орнату үшін Шымкент қаласының солтүстіктегі ең биік нүктесі алынған– 220 метр. Осы нүктеге арнайы жасалған төрт метрлік үйінді мен 9-метрлік тұғыр қосылған. Мүсіннің биіктігі 10 құрайды, үйінді, тұғыр мен ескерткіштің өзін есепке алғанда, монумент 23 метрді құрайды.
Жалпы салмағы 9 тоннаны құрайтын мүсіні рекордтық мерзім – 20 күн ішінде мыстан жасалған. Оны жоғары біліктіліктегі 40 металды пісіруші-соқтырушы жасап дайындаған. Бұл жергілікті шеберлер мен Өзбекстан мен Қырғызстаннан арнайы шақырылған жұмысшылар болған.
Бәйдібек Қарашаұлы (1356-1419) - аты шыққан би және қазақ халқының батыры. Әмір Темірдің (Ақсақ Темірдің) досы мен серігі болған. Халық арасында ол өзінің әділдігі, сөз тапқырлығы, адамгершілігі мен даналығымен белгілі болған.
Бәйдібек би ескерткіші қаладағы басты көрікті жер болып, қала тұрғындардың көңілінен шықты.