Аула клубтары кім мықтыны анықтады

32.jpg 

Шымкентте шағын футбол және баскетболдан аула клубтары арасында турнир мәресіне жетті. Қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен жарысқа шаһардың әрбір ауданынан 500-ден аса жас спортшы қатысты. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

«Ақ арыс» спорт кешенінде өткен марапаттау рәсімінде ішкі саясат және жастар істері басқармасының бөлім басшысы Қадырхан Арысбеков сөз сөйлеп, турнирдің жүлдегерлері мен жеңімпаздарын құттықтады және бұқаралық спортты дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен жарыста баскетболдан жүлделі 3-ші орынды — «Нұртас» командасы,

2-ші орынды — «Қабанбай батыр» командасы иеленді. Ал, баскетбол бойынша турнирдің чемпионы атағын «Тұрлан» командасы иеленді.

Футбол бәсекесінде «Қабанбай батыр» командасы үздік үштіктен көрінсе, күміс жүлде «Тұрлан» командасына бұйырды. Футбол бойынша турнирдің чемпионы атағын «Бүркіт» командасы жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубоктар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетері, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударды.

– Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылдау керектігін айтқан болатын.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер