Балабақшада кезек азайды

news1489727628-640x430.jpg

Мегаполистер қатарындағы қала Шымкентте «Ақпаратты Қазақстан» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Мәселен шаһар аумағындағы 459 балабақшаға бүлдіршіндер енді  автоматты түрде қабылданады. Бұл жүйе балабақшаға кезекке тұру, жолдама беру және балабақша ауыстыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде әр баланың электронды төлқұжаты қалыптасады. «Ақылды қала» жобасы аясында жүзеге асқан жүйені сынақтан өткізу нәтижесінде балабақша кезегінде тұрған 3-6 жасар сәбилердің қатары 2,5 есеге - 46 мыңнан 18 мыңға дейін азайды. Бүлдіршіндерді балабақшамен қамту енді автоматты түрде, онлайн-режимде атқарылады. Бұл өз кезегінде жемқорлық тәуекелдері мен ата-аналардың арыз-шағымдарының төмендеуіне септігін тигізді. Сонымен қатар бірінші сынып оқушыларын мектепке қабылдау жүйесі де автоматтандырылды. Аталмыш жүйе электрондық қабылдауды жүзеге асырады, педагогикалық құрам туралы, оқыту тілі, мектептің рейтингісі, теріс факторлардың деңгейін айқындап, ата-аналарға толық ақпар бере алады. Бұдан бөлек автоматтандыру жүйесі үш ауысымдық білім берудің ықтималдығын төмендетпек. Сондай-ақ жоба мемлекеттік қызметтің мөлдірлігін қамтамасыз етеді.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер