Жеті кенттің біреуі-Шымкент

13809-shymkent2-585_329.jpg

Кейбір зерттеуші-ғалымдардың пайымдауынша, «Шымкент» сөзі көне шығыс тіліндегі «чиминь» яғни, көгалды, гүлденген алқап, ал бұған «кент» сөзінің жалғануымен, «жасыл (гүлденген) қала» деген мағынаны береді. Тарих ғылымының кандидаты, профессор Баршагүл Исабектің жазуынша, ортағасырлық тарихи деректерде қазіргі Шымкент шаһары Чаманкент, Чимыгэт, Чимин, Ćimken, Шымбастау, Нучицзянь, Нушицзе, Синьчэн, Сяошиго, Nujakath, Нужкет, Жетікент, Йети-Канд, Йети-Кент үлгілерінде аталғаны көрсетіледі.
Шымкент алғаш рет елдімекен ретінде парсы тарихшысы Шарафад-дин Али Йездидің Әмір Темірдің әскери жорықтары туралы жазылған «Зафарнаме» атты кітабында кездеседі. Шымкент қаласы көптеген тарихи оқиғаларға куә болған. 1391 жылы Ақсақ Темір Тоқтамыс ханды шабуға бара жатқанда Шымкент шаһарында болып, одан кейін 200 мың әскермен Ұлытауға барып тоқтапты.
Шымкент қаласының көне атауларына назар салғанда атақты ақын Майлықожаның мына жолдарына ерекше көңіл бөлу керек:
«Жеті кенттің біреуі
Шымкент пенен Сайрам».
Шымкент қаласының Жеті кенттің біреуіне жатқызу бұрын зерттелмеген мәселе. Алайда нақты деректердегі мәліметтер Жетікенттің біздің Оңтүстік Қазақстан аймағында болғанын көрсетеді. Оны Шәді төренің Абылай ханның Ташкентке жорық жасамай тұрып Жеті кентті өзіне қаратқаны мына жолдардан байқалады:
«Ташкеннің Шымкент шаһары жолында еді,
Әкімі өзі бастап алып келді.
Ордағы Абылай ханды түсіріп,
Неше күн бар қосынға тағам берді.

Шымкенттен қарар алып, аз күн тұрып,
Одан да жүріп кетті жолға кіріп.
Ташкенде фарманашы Абылай ханнан,
Тұрарды жансыздардан хабар біліп.
Ханменен ұрыспаққа көңілі кетті,
Бекітіп дарбазасын меһкам етті.
Шаһардың әр шетіне топ орнатып,
Әр түрлі аспаптарын құп түзетті.

Абылай хан жеті кентке бұрын келді,
Ұрыспай оның халқы үкіміне енді.
Ш. Уәлиханов Абылайдың Ташкент және Ходжентпен соғысы барысында оның Жеті кентті алғанын жазды - «увенчалась взятием семи городов». ХІХ ғ. басында орыстар жасаған және «Изображающую степь прилегающую к Российской границе и занимаемую Киргиз-кайсаками большой, средней, и малой орды...» деген картада Арыс пен Бадам өзені ортасында қала белгісі салынып оны «гор. Житы Кент» деп көрсеткен. 1867 жылы Шымкент уезі туралы жазылған орыс тілді бір мақалада осы аймақта «Джетыкенд (семиград)» атты қалалардың бары, оларға Шымкент, Сайрам, Манкент, Қарабұлақ, Қарамұрт, Султанрабат, Джанганглык жататыны көрсетіледі. Яғни, Жетікент деп Шымкент және оның айналасындағы елдімекендер аталған.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер