Жолдауда өте ауқымды, нақты әрі кешенді іс-шаралар жоспарланып отыр

17.jpg 

 Шымкент қаласының ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын талқылау өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Кездесуге қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, журналистер қатысты. Кездесуді ашқан ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Төлебаев, Жолдауда айтылған еліміздің экономикалық дамуының негізгі тетіктерін айтып өтті.

«Бұл Жолдауда өте ауқымды, нақты әрі кешенді іс-шаралар жоспарланып отыр. Ендігі кезекте, біздің алдымызда Мемлекет басшысының жаңа экономикалық саясатына қолдау көрсетіп, оның сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсаты тұр»-дескен ардагерлер, Жолдауды қолдайтындықтарын жеткізді.

Жолдау аясында атқарылатын іс-шаралардың орындалуы жолында өмірден алған тәжірибелерімен де бөлісетіндіктерін айтты. Ардагерлер «Жолдау бүкілхалықтық қолдауға ие болғанда ғана нәтижелі болады»-дей келе, іргесі берік, төрт құбыласы тең Әділетті Қазақстанды құру жолында адал еңбек етуге шақырды.

Айта кетері, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында небәрі бір жарым жылдың ішінде көптеген өзгеріс жасалғанын атап өтті.

-Қолға алған шаралар нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады. Басқару жүйесі ықпалды Парламенті бар Президенттік республика үлгісіне көшті. Елімізде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орнықты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты іске асыруымыз қажет. Бұл жерде Парламенттің рөлі ерекше.

Адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалды. Әділдікті және заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысу мүмкіндігі артты. Қоғамның саяси мәдениеті мүлде жаңа сипатқа ие болды.

Алайда нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет,-деді президент.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер