Ұл тәрбиесі-ұлт болашағы

24.jpg 

Шымкенттегі Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінде «Қыз қылығымен сүйкімді» тақырыбында жастар арасында отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған қыздар кеңесі өткізілді. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе ретінде қыз баласының денсаулығы, отбасы құндылықтары мен ас үйдің қыр-сыры кеңінен талқыланды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Кездесуде іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы Эльенора Ағабековна, «Балдай нұр» ашытқысыз нан өнімдерінің басшысы және “Сәукеле” нан өнімінің авторы Байкозова Балнұр Саттаровна қатысты. Сонымен қатар, отбасы құндылықтарын түсіндіру мен ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында №11 қалалық емханасының акушер-гинекологі Сейдулла Ардак Маратқызы, №3 қалалық емханасының психологы Избасарова Алия Ансагандыковна өз кеңестерімен бөлісті. Іс-шара соңында студент қыздар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.

Сондай-ақ, аталған оқу орнында «Ұл тәрбиесі. Ұлдарға кеңес» тақырыбында жастар арасында отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған ұлдар кеңесі ұйымдастырылды.

Кездесу барысында, ұлдардың репродуктивті денсаулығы, зиянды әдеттерге жоламау, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде кеңес берілді. Аталған іс-шараға №13 қалалық емханасының уролог-андролог дәрігері Бабаханов Данияр Бахтиярович және Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығының психиатр-наркологы Ермаханова Перизат Умирзаковна қатысты. Кездесу соңында кері байланыс орнатылып, жастар тарапынан келген сауалдар талқыланды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер