Күн тәртібінде-Шымкенттің даму жоспары

27.jpg 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қала мәслихатының жетінші сессиясына қатысты. Күн тәртібінде үшінші мегаполистің даму жоспары аясында бірқатар маңызды мәселе қаралды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция департаментінің басшысы Думан Таев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстармен таныстырды. Жыл басынан бері қала аумағында тіркелген қылмыс саны 33 пайызға азайған. Бұл ретте бейнебақылау камераларының тигізетін үлесі зор. Әкімдіктің қолдауымен қоғамдық орындар мен үй аулаларына 1 500 камера орнатылған.

Мәслихат депуттаттары Денсаулық сақтау басқармасының да есебін тыңдады. Салада 12 индикатордың барлығы орындалған. Шілде айында Шымкентте алғаш рет жүрек трансплантациясының жасалуы — мегаполис медицинасының үлкен жетістігі. Бүгінде дәрігерлер Израильдегі клиникаларда біліктіліктерін арттырып жатыр.

Сондай-ақ жиында қала әкімдігі жанындағы бірқатар комиссияның дербес құрамдарын бекітуде мәслихат шешіміне өзгеріс енгізу мәселелері де қарастырылды.

«Бүгін қала әкімі ретінде алғаш рет мәслихаттың сессиясына қатысып отырмын. Жергілікті атқарушы органның жүйелі жұмыс істеуіне оң ықпал ететін бірқатар мәселені қарадыңыздар. Президент Қ. Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бұқарамен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде маңызды тапсырмалар жүктеді. Өздеріңізбен бірлесе қала тұрғындарының игілігі үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, етене жұмыс істейміз», — деді қала басшысы.

Айта кетейік, кезекті сессия қазан айының екінші жартысына жоспарланып отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер