«Қарттарым — асыл қазынам»

29.jpg 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 1 қазан — халықаралық Қарттар күніне орай ардагерлерді мерекелерімен құттықтады. «Қарттарым — асыл қазынам» атты мерекелік іс-шарада қала басшысы ыстық ықыласын жеткізді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

— Сіздерді халықаралық қарттар күні мейірім мен ізгілік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қарты бар үйдің шырағы сөнбейді. Бүгінгі құрмет-қошеметтің барлығы сіздерге арналады. Өздеріңізге айтар алғысымыз бен құрметіміз шексіз. Қазыналы қарияларымыздың қамсыз қарттығын қамтамасыз ету – біздің міндетіміз. Ең бастысы саналы ұрпақ пен жақындарыңыздың қамқорлығына бөленіп, ортамызда аман жүріңіздер! — деді қала әкімі.

Бүгінде қалада 88 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Оның ішінде 3 ұлы Отан соғысы ардагері мен 2 мыңнан астам тыл еңбеккері бар. Ақсақалдарға барынша қолдау көрсетіліп, өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп отыр.

Мерекелік іс-шарада елдің дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлер Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаты және Құрметті ардагер төс белгілерімен марапатталды.

Айта кетері, Халықаралық қарттар күні 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді. Бұл мереке Қазақстанда да аталып өтіледі. Елімізде жасына байланысты 2,3 млн зейнеткер тұрады. Қарттарды қолдау, оларға әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру, қоғамдық өмірге тарту жөніндегі шаралар жүзеге асырылуда. Жыл сайын зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артады.

Биыл барлық өңірлерде аға буынға қамқорлық, құрмет көрсетуге бағытталған қарттарды әлеуметтік қолдау айлығы өткізіледі. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері қарттарға біржолғы материалдық көмек көрсетеді. Елімізде 79 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. Олардың қызметі егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, белсенді ұзақ өмір сүруді ынталандыруға, егде жастағы адамдарды тәуелсіздікпен қамтамасыз етуге, қоғам өміріне қатысуға бағытталған.

Бұл күні барлығы қарияларды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдіреді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер