Шымкент: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссиясының отырысы өтті

39.jpg 

Шымкент қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

 Қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов төрағалық еткен жиында комиссияның бүгінге дейінгі атқарған жұмыстары баяндалып, маңызды құжаттарға қол жеткізуде орын алып жатқан мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, 2021 жылдың 14 қаңтарында Шымкент қаласы әкімдігінің жанынан саяси құғын-сүргіндер құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның құрамы және оның ережесі бекітілген болатын. Бүгінде комиссия жанынан 16 адамнан тұратын жұмысшы топ құрылып, оған ЖОО-ның ғалымдары, тарихшылар, архив қызметкерлері және аудармашылар енген.

–Біз саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауды жұмысшы топ құрылған сәттен-ақ жұмысты бастап кеткен болатынбыз. Құжаттарды зерттеу Ішкі істер департаментінің архиві мен Түркістан облыстық мемлекеттік архивінен басталды. Бүгінгі таңда ІІД құпия архивіндегі құжаттар Алматы қаласындағы ҚР Президенті архивіне ауысуына байланысты қазан айының соңында іс-сапарға баруды жоспарлап отырмыз. Ал, экспедиция жұмысын 2021 жылдан бастап 5 бағыт бойынша жүргізіп келеміз. Осының нәтижесінде біз 9 елді мекенді аралап, халықпен кездесіп, саяси қуғын-сүргінге тап болған азаматтардың ұрпақтарымен тілдестік. Осылайша «Халық жады» жинағына материалдар жинақтадық. Бізге жолыққан күрделі мәселенің бірі – архивтегі құжаттардың төте жазумен жазылғаны еді. Комиссия құрамында осы жазуға аударма жасай алатын ғалымның болуы мәселенің біршама жеңілдегінімен, болашақтағы зерттеушілер көне құжат тілін аударуды қиналмауы үшін жоғары оқу орындарына араб, парсы, шағатай тілдерін оқыту бойынша ұсыныс бердік, - деді комиссия жетекшісі Гүлнәр Жанысбекова.

Еліміздегі әр өңірдегі комиссияның зерттеулері мен дерекқордан табылған құжаттар жинақталып, 100 томдық кітапқа басылып шығарылады. Өткен жылы жарық көрген 33 томдық жинақтың 26-шы томындағы материалдар Шымкент қаласындағы саяси қуғын-сүргіндерді толық ақтау жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижесі екен. Биыл 50 томға дейінгі еңбектер жарыққа шықса, оның 36 -шы томы Шымкент қаласына арналмақ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер