Нашақорлық – ұлт болашағына қатер

42.jpg 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында «Өскелең ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін тағы бір қатер – есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің де таралуы. Құқық қорғау органдарына бұл қатердің азаматтар арасында, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырамын», деген болатын.

Осыған орай, Шымкент қаласындағы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен «Нашақорлық – адам жауы» тақырыбында А. Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта білім беретін мектебінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Шараның мақсаты - қазіргі заманның жаһандық мәселеге назар аудара отыра, жастардың арасында есірткі заттарын пайдалануға теріс көзқарасты қалыптастыру.

Кездесуге Тұран ауданы прокуратурасының прокуроры, Дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы мен нарколог маманы қатысты.

Түсіндірме жұмысы барысында кәмелетке толмаған жастар арасында есірткінің адам өміріне әкелер кері әсері, діни ағымдардан сақтану жолдары мен есірткі заттарын сатқандарға заң аясында қандай шара қаралғандығы жөнінде айтылды.

Айта кетері, Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес синтетикалық есірткіге тәуелді қазақстандықтардың саны 5 жылда 14 есеге өсті (2017 жылғы 40 пациенттен 2022 жылға 587-ге дейін).
Дәстүрлі түрлерден айырмашылығы, синтетикалық препараттар адам ағзасына зиянды әсер етеді. Негізгі себеп-химиялық құрамы. Жүрек-тамыр жүйесі зардап шегеді, иммунитет төмендейді, бұл жиі суық тиюге, саңырауқұлақ ауруларына әкеледі, бүкіл денеде абсцесс пайда болады. Инъекциялық формалар қауіпті жұқпалы аурулардың таралу қаупін тудырады: вирустық гепатит, мерез және АИТВ. Сонымен қатар, нашақорлық өмір сүру ұзақтығын едәуір төмендетеді, интеллектуалды деградацияны тудырады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер