Шымкенттегі автобустарда электронды билет беру жүйесі енгізілмек

7c75d59a5dbd0a0d40a5f512953bc602-900x_.jpg 

Шымкенттегі өзекті саланың бірі - қоғамдық көлік саласын  цифрландыру. Аталған  бағыт бойынша қалада  қарқынды жұмыстар атқарылуда. Мысалы, биыл және келесі  жылдары Шымкенттегі автобустарда электронды билет беру жүйесі енгізілмек. Алдымен биыл қаладағы отыз автобусты қамтитын бағыттардың бірінде электронды билет бету жүйесін пилоттық режимде ендіру жоспарлануда. Бұл туралы шаһар басшысы  ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында  мәлім етті. Әкімнің айтуынша «Қауіпсіз қала» жобасы аясында қаладағы бейнекамералар саны 479-ға дейін, интеллектуалды қиылыстар саны жиырма бірге дейін көбейтілген.  Сараптама жұмыстары соның нәтижесінде көшелердегі қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда 16,7%-ға азайғанын көрсетті. Бұған қоса қазіргі таңда нейрондық жүйелер мен жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып бірыңғай бейне-бақылау жүйесін құру мақсатында әлеуеттік жеткізушілермен келіссөздер жүруде. Оқу жылы басталғанша қаладағы отыз криминогенді учаскені қамтитын «Сергек» жүйесін ендіру бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

 

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: елімізде цифрлық экожүйе қалай қалыптасып келеді
  • Жолдау-2024: тұрақты өсу, жасанды интеллектіні дамыту және білім беру бастамалары
  • Послание–2024: рост IT-отрасли и стратегия развития ИИ
  • Өмірін бала күлкісімен өрнектеген күтуші
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер