Шымкент: Тіл заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізілді

fffb9c95a855ed4ff7d293507c39f252-591x395.jpg 

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, Еңбекші ауданы әкімдігінің қызметкерлері Тоғыс тұрғын алабында болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Аталмыш топ мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде және кәсіпкерлік нысандарда орналасқан тіл заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерге және олардың сауатты орналасуына, халыққа сапалы қызмет көрсету тілі мен сапасына мониторинг жүргізді.

Нәтижесінде Тоғыс тұрғын алабындағы 13 кәсіпкерлік нысанға зерделеу кезінде 4 коммерциялық нысанның маңдайшасы заң талаптарына сәйкес еместігі анықталды. Кәсіпкерлік нысан иелеріне заң талаптарының сақталуы жөніндегі парақшалар таратылып, ақпараттық ескерту жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласының шағын аудандарындағы кәсіпкерлік нысандарда Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасады.

Айта кетері, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес көрнекі ақпараттың барлық мәтіні  мынадай ретпен: мемлекеттік тілде – сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағына немесе төменгі жағына орналасады, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер