«Халықпен бірге!»

11.jpg 

 «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында филиалдың Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева және Атқарушы хатшының орынбасары Б.Тулегенов партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасындағы спорт саласының орындалуына байланысты Дене шынықтыру және спорт басқармасының ағымдағы жылға жоспарланған іс-шараларының орындалу барысын тыңдады.

Жол картасы аясында 2023 жылы 5 спорттық нысан құрылысы жүргізілді.

Қазіргі уақытта 3 спорт нысаны, яғни "Металлург" спорт кешені, "Ипподром", Бозарық шағын ауданындағы № 20 спорт мектебінің спорт кешені пайдаланылуға берілсе, Жоғары медициналық колледжінің спорт залының құрылысы аяқталып, құжаттары рәсімделуде.

Ал, Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында №12 спорт мектебінің қосымша корпусын салу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл соңына дейін 23 спорт алаңшасы пайдалануға беру жоспарлануда. Ағымдағы жылы жалпы 5 аудан әкімдіктеріне 31 спорт алаңшасының құрылысын салуға жергілікті бюджеттен 842,6 млн теңге қаржы қарастырылған. Жыл соңына дейін 19 спорт алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Айта кетері, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын.

 – Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деген болатын Мемлекет басшысы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер