«Халық қатысатын бюджет»: Жоба аясында гүлзар салынуда

29.jpg 

Шымкент қаласы Қаратау ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аудан аумағын абаттандыру бағытында нәтижелі жұмыстар істелініп жатыр. Аталған жоба бойынша «Нұрсәт» шағынауданындағы Измир көшесінде тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында жаңа гүлзар құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

Шағын гүлзар аумағында тұрғындардың демалыс уақытын өткізуге арналған арнайы орындықтар, көгалдандыру жүйелері мен жарық шамдары, ақпараттық тақтайшалар орнатылған.

Аудан әкімдігінің инфрақұрылым және көріктендіру саласына жауапты мамандары тарапынан мердігер мекеменің жұмысты сапалы әрі уақытылы орындалуы толық бақылауға алынған. Мекемемен түзілген келісімшартқа сәйкес гүлзардың құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі осы жылы қазан айының соңына жоспарланып отыр.

Одан бөлек «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысқан тұрғындардың ұсынысымен биыл ауданда 34 балалар ойын алаңы мен 7 спорт алаңшасын салу жоспарланған. Сонымен бірге, тұрғындар өтінішіне сәйкес ағымдағы жылы ауданда 8 гүлзардың құрылысы аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілетін болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды
  • Үшінші мегаполисте дарынды балаларға арналған лагерь ашылады
  • Қазақстан теміржол инфрақұрылымы қарқынды дамуда
  • Таңмен таласа оянатын мамандар
  • В Шымкенте члены АНК поддержали 532 школьника в рамках акции «Дорога в школу»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер