Шымкентте еріктілер қолдаудың бірыңғай стандарттары бойынша әрекет етпек. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ өңірлермен өзара іс-қимыл жөніндегі бағытының басшысы Құсанова Ақерке Нұрланқызы баспасөз конференцияда мәлімдеді.
Ақерке Нұрланқызы:
«Волонтерлік қызметті дамытудың бағыты аясында «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Birgemiz: áreket ýaqyty» волонтерлік саласындағы іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасын іске асыру шеңберінде бүкіл республика бойынша волонтерлікті мемлекеттік қолдау стандартын біржолғы енгізу мақсатында 17 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада іс-шаралар мен кездесулер кешенін өткізу басталды.
Іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланады:
— Волонтерлікті дамытуға ықпал ететін табысты тәжірибелер мен жобаларды анықтау;
— Аймақтардағы волонтерлік саладағы бар проблемалар мен қажеттіліктерді талдау;
— ҮЕҰ, волонтерлер топтары мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы ынтымақтастықтың ықтимал жолдарын талқылау;
— 2024-2027 жылдарға арналған волонтерлікті дамытудың Жол картасына ақпарат жинау».
Айта кетері, биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтерлер форумында:
Волонтерлік қозғалысты ұзақмерзімді грант беру арқылы ынталандыру керек. Бұл ретте мемлекеттік және жеке грант берушілер арасында тұрақты серіктестік орнатып, отандық және халықаралық донорлардың бір-бірімен нәтижелі ынтымақтастығын қалыптастыру маңызды, - деген болатын.