Шымкентте медиацияны дамыту бойынша семинар-тренинг өтуде

33.jpg 

 Шымкент қалалық Достық үйінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі және қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы "Қоғамдық келісім" мекемесі ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтын дамыту бойынша семинар-тренингі басталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы Талшын Италиева, кәсіби медиатор, «Парасат» медиация және құқық орталығы ЖМ тренері Мұхтар Адаев, психолог-шиленістанушы Резеда Баймухаметова, Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ербол Байқонақов және этномәдени бірлестіктердің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері қатысуда.

Іс-шараның мақсаты – шиеленістерді реттеу бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру, алдын алу саясатын дамытуға ықпал ететін медиацияны қолданудың әдістері мен тетіктерін үйрету, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға байланысты қоғамдық ұйымдардар қызметінің жаңа қырларын анықтау, медиация кабинеттері үйлестірушілерінің, ҚХА қоғамдық құрылымдары мүшелерінің медиация құралдары мен әдістерін өз тәжірибелерінде қолдануы.

Семинар-тренингте этносаралық медиацияны жүргізу ерекшеліктері, медиациядағы зерттеу кезеңі, тұлға психодиагностикасы, этносаралық қатынастардағы қақтығыстарды реттеу әдістері мен тәсілдері, этносаралық қақтығыстарды талдау тақырыптары жөнінде кеңінен айтылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.

Алдағы уақытта семинар-тренингтер Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарында өтетін болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер