Жемқорлықпен күресу-міндетің

35.jpg 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінде «Жемқорлық-індет, күресу-міндет» тақырыбында насихат жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Заң жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуге М. Ауезов атындаты ОҚУ Заң факультетінің Халықаралық қатынастар және Халықаралық құқық кафедрасынын меңгерушісі, Шымкент қаласының антикор сарапшысы Ермек Бекбосынов қатысты.

- Сыбайлас жемқорлықпен күресу – ең маңыздыларының бірі. Сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Ол үшін адам бойында отансүйгіштік қасиеттері қалыптастырып, туған жер мен елі үшін қалтқысыз қызмет ететін жоғары парасатты тұлға болуы шарт. Сонда ғана, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы экономикасы мықты, халқы бай, бақуатты, азаматтарының тұрмысы жоғары елге айналады, - антикор сарапшысы Ермек Бекбосынов.

Сонымен қатар, спикер әкімшілік жауапкершілікке тартылуға алып келетін сыйақы мен сыйлықтар мөлшеріне тоқталып, барша жастарды жат қылықтардан аулақ болуға шақырды.

Сондай-ақ, қазіргі заманның жаһандық мәселесіне назар аудару және тұрғындардың, әсіресе жастардың арасында есірткі заттарын пайдалануға теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №23 мектеп-лицейінде «Есірткісіз болашақ» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге №13 қалалық емхана дәрігері, нарколог Утемисова Жанат және терапевт Замира Қыстаубаевна қатысты.

- Есірткі – бүгінгі күннің ең қауіпті тәуелділік дерттерінің бірі. Адамға ғана емес, бүкіл қоғам үшін қауіпті дерт. Онымен күресуге баршамыз бірлесе және бірге атсалысуымыз қажет, - деді дәрігер Жанат Утемисова.

Жиын соңында жастар арнайы сала дәрігерлеріне көкейтесті сауалнамаларын жолдап, сұрақ-жауап алмасты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қаласының дамуы Smart City тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылады
  • Развитие города Шымкента будет осуществляться в рамках концепции Smart City
  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: елімізде цифрлық экожүйе қалай қалыптасып келеді
  • Жолдау-2024: тұрақты өсу, жасанды интеллектіні дамыту және білім беру бастамалары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер