Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол - ғаламтор. Біз күнделікті ұялы байланыс желісін пайдаланамыз. Ғаламтордың пайдасынан бөлек зиян тұстарының бар екенінде білу қажетпіз.
Осы мақсатта Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент медициналық колледжі жастары арасында «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында кездесу өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.
Жастармен кездесуде болған психолог компьютер мен телефонды шамадан тыс пайдалудың зияны мен адам психологиясына қалай әсер ететіндіктеріне тоқталып, іштей қарсылық, көңіл күйінде ауытқушылық, ырықсыздық пен агрессияшылдық билейтін жеткізді.
Спикер сөз соңында ғаламтордың зиянынан бөлек пайдалы жақтарының бар екеніне де тоқтала кетті.
Интернеттің пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда, оның зияны да аз емес. Оның ең бірінші зияны – тәуелділік. Бұл аңыздан алынған термин емес. Интернет қолданушыларының 10%-ы оған тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті, бірқатары үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай және Тайваньда интернетке тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады. Десе де, оның зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс әсер етсе, дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді. Адам психикасына кері әсер ететін ақпараттарды да интернеттің зиянды жағына қоса аламыз. Интернет арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар тарайды.
Психологтардың пайымдауынша, интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы.Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап,уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.