Жұмыссыздар мамандықтарға тегін оқиды

21.jpg 

Шымкентте  «Еңбек мобильділігі» орталығының ұйытқы болуымен 35 жұмыс беруші мекеме 800-ге жуық кәсіби маман даярлауда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыссыз азаматтар еңбек нарығында сұранысқа ие жиһаз құрастырушы, кең профильді шебер құрылысшы, электрик, дәнекер, токарь, шаштараз, маркетинг-мерчендайзер мамандықтарын тегін меңгеруде.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясындағы кәсіптік оқытудың ұзақтығы 3 ай мерзімді құрайды. Мемлекеттік қолдау аясында бағдарлама қатысушыларына қосымша шәкіртақы мен бір реттік материалдық көмек төленеді.

Оқу аяқталғаннан кейін бітірушілерге сертификат табысталып, жұмыс берушілер оларды әлеуметтік келісімшарт негізінде жұмысқа орналастыруға міндетті.

Айта кетері, аталған ұлттық жобаның мкақсаты кәсіпкерлік құрылымындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету,  халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту,
 экономика салаларын әртараптандырудың драйвері – орта бизнеске сүйену
, кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар – бәсекелестікті кешенді дамыту. Сонымен бірге еңбек нарығының қажеттіліктеріне байланысты жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлаудың нақты тетіктерін жасау. Жұмыссыздар санатына жатқызылған адам жаңа мамандық игеріп, қайта даярлықтан өтетін болса, оған әлеуметтік қолдау көрсету.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер