«Бүгінгі медиа: Біліктілік пен қоғаммен байланыс»

20.jpg 

 «Бүгінгі медиа. Дәстүрлі БАҚ-тың дамуы. Журналистикадағы тіл тазалығы. Шымкентте қалалық Ішкі Саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының тапсырысымен «Серпіліс» қоғамдық қоры ұйымдастырған БАҚ өкілдері арасында өткен үш күндік семинар-тренингте осы тақырыптар қозғалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

«Бүгінгі медиа: біліктілік және қоғаммен байланыс» тақырыбында өткен семинарға елімізге белгілі журналистер, баспасөз хатшылары, баспа және телевизия саласындағы тәжірибелі мамандар мен жас журналистер қатысты. Сонымен қатар, басқосуға Түркістан, Жамбыл облыстарында журналистика саласында еңбек етіп жүрген мамандар да шақырылды.

Семинар-тренингтің негізгі мақсаты – жас журналистердің біліктілігін арттыру, қоғаммен байланыс орнатудың тиімді жолдарын көрсету,- деп атап өтті шараны ұйымдастырушы журналист Бейсенкүл Нарымбетова.

«Бүгінгі қазақ баспасөзі: Ұлттың идея және тіл тазалығы» жайында белгілі журналист Ғалымжан Елшібай, «Заманауи коммуникация құралдарының дамуы және оның дәстүрлі БАҚ- қа ықпалы» тақырыбында спикер Данияр Алан баяндама жасаса, Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мира Сүлейменова қоғаммен байланыстағы тәжірибесімен бөлісті.

Бүгінгі таңда қазақ журналистикасында тіл тазалығы мәселесі жиі айтылады. Бұл бойынша Шымкент қалалық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі, тіл жанашыры Қабыл Дүйсенби өз ойымен бөлісті. Іс-шара аясында білікті БАҚ өкілдері жас журналистерге теориялық және практикалық тұрғыда шеберлік сабақтарын өтіп, диалог алаңында еркін пікір алмасты. Сонымен бірге түрлі ойындар ұйымдастырылып, жас журналистердің тапқырылығы мен ұшқырлығы да сынға түсті.

Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы контентпен қамтамасыз етуде мұндай семинарлардың жас журналистерге берері мол деп айта аламыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер