Шымкент: Үздік жастар жобасы белгілі болды

27.jpg

Шымкентте қала жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобалар байқауы және еріктілерге арналған грант жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

Үздік жобалар байқауы белсенді, шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдауды ниет етіп отыр.

Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Әбілхайыров көпшілікті келе жатқан Республика күнімен құттықтап, жоба жеңімпаздарына 1 млн тг көлемінде қаржылай сертификаттарды табыс етті.

-Ең алдымен осы жобаларға қатысуға ниет білдірген барша қатысушыларға алғыс білдіремін. Грант иегерлері инновациялық, әлеуметтік және басқа да бағытта өз жобаларын ұсынды. Комиссияның шешімімен үздіктерді анықтадық. Өздеріңіздей азаматтық ұстанымы белсенді жастар барда еліміз одан әрі дами түсетініне сенімім мол. Жастар - біздің болашағымыз. Біз сіздердің әрбір бастамаларыңызды қолдауға дайынбыз, - деді С.Әбілхайыров.

Дәстүрлі «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы бойынша биыл 5 жеңімпаз анықталды. Ал “Жас волонтер” байқауында үздік 3 жоба іріктелді. Атап айтқанда, ерікті жастардың тазалық жобасы, балалар футбол лигасы және супер волонтер кітабы жобалары үздік деп танылды.

Сондай-ақ, күн батареялары, қадамдық қуат, қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу және анимациялық фильмдерді дыбыстау жобасы бойынша үздіктер анықталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер