Спортшылар жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырды

30.jpg 

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында «Нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу» тақырыбында Авиценна колледжі жастарына арнайы сала мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Жиынның мақсаты - АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу және саламатты өмір салтына баулу.

Кездесуге Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының психиатор-наркологы Садыкова Майра, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы Қазақстан кубогының чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Үсенбай Тастан және Шымкент қаласы №3 спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, Каратэ-До Шотокан спорт түрінен 4 дүркін Қазақстан және Әлем чемпионы Абылайхан Кайырбек қатысты.

Кездесу барысында спикер кәмелетке толмаған жастар арасында АИТВ/ЖИТС-тің қандай жағдайда көп жұқтырып алу қаупі жоғары кезеңі мен одан қорғану жолдары жөнінде тарқата сөз етті. Сондай-ақ, жиын соңында спортшылар жастарды саламатты өмір салтын ұстанып, денсаулықтарын күтуге шақырды.

Айта кетері, бұған дейін халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

 -Синтетикалық есірткіні тұтынудың артуы ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Динамика күрт теріс: соңғы үш жылда айналымнан алынатын "синтетика" көлемі 10 есе өсті. Синтетикалық есірткі жыл сайын арзан әрі қол жетімді болып барады. Олар әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы еш кедергісіз сатылады және тіпті үйге жеткізіледі. Осы аса қауіпті әлеуметтік аурудың ауқымын ескере отырып, синтетикалық есірткілерді өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпыұлттық сипатқа ие болуға тиіс. Сондықтан нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар әзірлеу қажет,-деген болатын. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер