«Арманда» форумының спикерлері кездесулер өткізді

7.jpg 

 Шымкентте өтіп жатқан «Арманда» форумы аясында спикерлер қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Атап айтсақ, жоба жетекшісі Арман Дәулетияров «Тең қоғам» әлеуметтік орталығында болып, ондағы келушілермен және орталықтың жұмысымен танысты.

— Орталыққа келудегі мақсатым осы жерге келуші мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, олардың өмірімен, шығармашылығымен танысып, бізде олармен бірге екендігімізді көрсету. Шымкентке бірінші рет келіп тұрмын, тұрғындардың жылулығы, қазақ тілін құрттеп, тек қазақша сөйлейтін ұлтжандылығы ұнады. Орталықтағы бірқатар өнерпаздардың өнерімен танысып, олардың талантына тамсанумен болдым. Өмірдің қиын сәттерінде сынбай, алға қарай ұмтылып жатқандығы маған ұнады, - деді А. Дәулетияров.

Одан кейін «Жастар ресурстық орталығында» форум спикері көпшілікке Нұрлан имам есімімен таныс Нұрлан Байжігітұлы жастармен кездесті. Онда отбасындағы адалдық, сыйластық, отбасы құндылығы тақырыбында әңгіме өрбіді.

— Қоғамдағы өзекті тақырыптарды қозғадым. Бүгін жиынға жастардың көптеп жиналып, орын болмаса да тік тұрып тыңдағанына риза болдым. Тек отбасы жайында емес, химиялық есірткінің зияны, діндегі күнәсі, ерте жүктілік, бозбала мен бойжеткеннің қарым-қатынасы, лудомания жайында да сұрақтар болып, оларға жауап бердім. Жастарға мұндай кездесулер өте қажет, - деді Н. Байжігітұлы.

Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласып, жастарарға мазмұнды жауап берумен аяқталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер