Шымкентте «Жасыл ипотека» іске қосылды

12.jpg 

Шымкент тұрғындарының Отбасы банктің «Жасыл ипотека» (Зеленая ипотека) бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуына мүмкіндігі бар. «Отбасы банк» АҚ-ның Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев пен «Kanfar Building» құрылыс компаниясының басшысы Тілеу Баймұханов екіжақты меморандумға қол қойды. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

Отбасы банк өткен жылы «Жасыл ипотека» пилоттық жобасын іске қосқан еді. Аталған бағдарлама Шымкент қаласында іске асырылуда. Жаңа бағдарлама бойынша Отбасы банк пен қаладағы белгілі құрылыс компаниясы келісімге келіп отыр. Оған сәйкес, азаматтар бастапқы жарна 20 пайызбен, қосымша кепілдіксіз пәтер алу мүмкіндігі бар. Д.Саудабаев құрылыс компаниясымен серіктестік орнатқанын атап өтті.

– Біз ұзақ уақыттан бері осы компаниямен бірлесе жұмыс істейміз. Отбасы банк «Жасыл ипотека» бағдарламасы бойынша аталған құрылыс компаниясына 200 млн теңге лимит бөлді. Бұл бағдарламаның ең тиімді тұсы – 20 пайыз бастапқы жарнаны төлеп, үй кезегінде тұрған азаматтар 7 пайызбен құрылыс компаниясының тұрғын үй кешендерінен пәтер ала алады. Құрылыс компаниясының үйлері қалада инфрақұрылымы дамыған аудандарда орналасқан. Тұрғындарды осы бағдарламаға қатысуға шақырамын, – деді Дәурен Мұратұлы.

Айта кетсек, аталған бағдарлама бойынша қала тұрғындары құрылыс компаниясының «Тұран» тұрғын үй кешенінен ипотека рәсімдей алады. Тұрғын үй кешені инфақұрылымы дамыған аумақта орналасқан. Ипотекалық пәтерлердің максималді сомасы 35 млн теңгеге дейін.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер