Ғабит Сыздықбеков: Біз үшін әрбір инвестор маңызды

16.jpg 

 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Түркия инвесторлармен кездесті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нарықта 30 жылдық тәжірибесі бар әйгілі Alarko Holding A.S. өкілдері қаламызға жалпы құны 650,0 млн АҚШ доллар инвестиция құйып, 200 гектарға жылыжай кешенін салуға қызығушылық танытып отыр. Мегаполис үшін бірегей жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Қала аумағында бұрын-соңды болмаған алпауыт кешен Мәртөбе тұрғын алабында құрылатын агро-индустриялық аймақта бой көтереді. Алдағы уақытта мұнда өзге де жылыжай кешендері салынатын болады. Жылына 40 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы агрокешенде қияр, қызанақ, болгар бұрышы, асбұршақ сияқты түрлі ауылшаруашылығы өнімдері егіледі. Жылыжай құрылымы толық іске қосылғанда мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. Агроөнімдермен негізінен қала халқын қамтып, алдағы уақытта еліміздің өзге де өңірлері мен алыс-жақын шет мемлекеттерге жөнелту жоспарлануда.

“Ірі жобаларыңызды біздің қаламызда іске асыруға қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Біз үшін әрбір инвестор маңызды. Өз тарапымыздан сіздерге барынша қолдау көрсетуге дайынбыз. Қазір тиісті жер телімдерін мемлекет мұқтажына қайтару бойынша жұмыстар атқарылуда. Кешен құрылысын жүргізу үшін қолайлы жағдайлардың барлығы жасалып, агро-индустриялық аймақ қажетті инфрақұрылыммен қамтылатын болады”, - деді қала әкімі.

Жылыжай кешенінің құрылысы келесі жылы басталып, іске қосылады. Инвестициялық жоба жергілікті тұрғындарды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге, бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер