Шымкентте палау фестивалі өтті

21.jpg 

Шымкентте дәстүрлі «Достық дастарханы» халықаралық палау фестивалі биыл тағы да жалғасын тапты. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

 Қазақстан халқы ассамблеясы және «Дустлик» қауымдастығы, Өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шарада Қазақстаннан және көршілес елдерден келген 43 аспаз өз шеберліктерін көрсетті. Фестивальге аудан әкімдері, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары, балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.

– Дастархан - берекенің бастауы. Сондықтан да бүгін мерекеге орай қаншама ұлттардың басын бір дастарханда біріктіріп, достықтың, ынтымақтастықтың үлгісін көрсетіп отырмыз. Фестивальде үздік аспаздарға номинациялар, сыйлықтар беріледі. Әділ қазылар алқасы әр палаудан дәм татып, өз басағысын береді. Бірақ бұл жолы жүлделі орын белгілемейміз. Аспаздар бірінен бірі өтеді, - деді Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев.

Шара аясында Өзбекстан,Тәжікстан,Қырғызстан елдерінен,Тараз, Алматы, Түркістан қалалары мен басқа да өңірлерден 43 аспаз палауын әзірледі. Одан бөлек «Мейірім» қоғамдық қоры балалар үйінің тәрбиеленушілері мен аз қамтылған отбасыларына 100 келі палау таратты.

- Бүгін мұнда балаларымды алып келдім. Өзім көпбалалы анамын. Мұндай шара әртүрлі ұлттардың достығының көрсеткіші деп білемін. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет айтамын. Палаудың дәмі тіл үйіреді. Елімізде молшылық болсын, бірлігіміз ажырамай, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын, – деді сайрамдық тұрғын Шарафат Пахриддинова

Қатысушылардың барлығы алғыс хатпен марапатталып, сый-сыяпатқа ие болды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер