"Биік-Шымкент» 12 дүркін чемпион

23.jpg 

«БИІК-Шымкент» футбол командасы осымен он екі дүркін ел чемпионы атанды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Намыс» стадионында әйелдер командалары арасында кезекті ел чемпионаты аяқталды. Биылғы доп додасын қорытындылаған ХХ тур ойындарында алаң иелері «Оқжетпес» клубының футболшыларын 6:0 есебімен жеңді.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков чемпиондарға арнайы кубокты табыстап, құттықтауын жеткізді.

Чемпионат қорытындысында «Тұран-Томирис» күміс жүлдегер атанса, көкшетаулық «Оқжетпес» қола жүлдеге ие болды. Ел чемпионатында үздік ойын үлгісін көрсеткен спортшыларға да құрмет көрсетілді.

Үздіктер қатарында «БИІК-Шымкент» командасының үш футболшысы бар. «Үздік жартылай қорғаушы» номинациясы Карина Жұмабайқызына, «Үздік қорғаушы» номинациясы Бибігүл Нұрышеваға берілді, чемпионаттың «Ең үздік ойыншысы» болып Әселхан Тұрлыбекова танылды. Ал шымкенттік команданың сапындағы голдар санын 300-ге жеткізген тәжірибелі шабуылшы Гүлнара Габелия федерацияның арнайы сыйлығына ие болды.

“Биік-Шымкент” 2024 жылы УЕФА чемпиондар лигасында ел намысын қорғайтын болады.

Айта кетері, футболдан Қазақстан премьер-лигасының 25-тур ойындарында Шымкенттің «Ордабасы» командасы өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» 3-1 есебімен жеңіп, тарихта тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды! "Ордабасы» 2024 жылы УЕФА чемпиондар лигасында өнер көрсететін болады. Оған дейін ел кубогының финалында 4 қарашада Қостанайдың “Тобылымен” күш сынасады.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер