Төрт қақпалы-Сайрам

49.jpg 

Сайрам – жазба деректерде ҮІІ ғ. бас.кезінде Сюань-Цяньның сапарнамасында ел “Ақ өзендегі қала” деген атаумен еске алынған . Кейінірек Махмуд Қашқаридің ХІ ғ. деректерінде “Сайрам –Исфижап аталып жүрген және Ақ қаланың (Ал-Мадинат, Ал-Байда)” атауы болған. Исфижап – аталуы соғды тілінде “Ақ –су” мағынасын білдіреді деген де пікір бар .

Исфиджап қаласына осы обылыстың барлық жер –суы Шығыста Талас – Шуға дейін , Солтүстік – батыста Сырдарияның орта ағысына дейін ұласып жатыр . Исфиап округі Сырдария бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран мен Янгикент қалаларын Қаратаудың Солтүстік бөктеріндегі Барадн мен Беруней қалаларын Жетісудың Тараз , Қулан, Мирки (Мерке), Суяб қалаларын қамтыды .

Тарихшы Ал- Мақдисий былай жазады: “Хорасан , Сижистан Мауренахрды Әбу- Сайд үш белдеуге бөлген. Біз бір белдеуді ортасынан Жайхун (Амудария) дариясы бөліп тұрған екі жаққа бөлдік . Бұны тағы алты аймақ, төрт өлкеге бөлдік. Бірінші, күншығар жерге жақын және түріктер шекарасына жайғасқан Ферғана, Исфижап , ең үлкен қала Ашрусан, Бұхара еді. Бірақ Исфижап ең үлкен қала астана болып қалды.

Х ғ. географы Ибн Хаукаль былай деп жазады: “Исфиждап – шамамен Бинкеттің үштен екісіне тең қала. Ол мадинадан (орталықтан) , қамалмен рабаттан (керуен сарайдан) тұрады. Қамал күйреген, ол медине мен рабадта тұрғындар тұрады. Медине дуалдармен қоршалған , рабадты да ұзындығы фарсахқа (20 км.) таяу дуал қабырғасы орап жатыр. Рабаттың өз бағы мен суы болған , ол тегіс жерде орналасқан оны ең жақын деген таулар арасы үш фарсақтай (20 км.)

Мединенің төрт қақпасы болды олар—Нуджкент қақпасы, Фархан қақпасы, Шакван қақпасы және Бухара қақпасы деп аталады. Оның базарлары медина мен рабатқа, ом басқару үйі, абақты мен басмешіт мединаға орналасқан .

Керуен жолдары бағыты бойынша алғанда Оңтүстік беттегі Бұхара қақпасы арқылы қалаға шығыс елдерінің тауарлары әкелінетін.

Шамамен , батыс бетте болған Нуджкет қаласы Талас аңғарына орналасқан Дех Нуджт қақпасының атауымен аталса керек. Бұл шағын қала алқаптың тура даламен шектесетін шекарасында тұрды да ет пен мал саудасы сол арқылы жүрді. Фархан мен Шакван яғни солтүстік қақпалары арқылы шығатын керуен жолы , Сыр бойында орналасқан Отырар, Сауран, Дженд пен Янгикент қалаларын аралап өтетін.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер