Көне Сайрамда сақтар, масағаттар (масагеттер), соғдылар, кейінірек хундар, қаңлылар, түріктер мекен еткен.
Біздің дәуіріміздің 640 жылы Саремді (Сайрам) турік Қоқан ибн Дулу билеген. Көп уақыт өтпей бұл жерге Қоқан Шенгуй басып кіреді. Жергілікті халық ибн Дулуды жақтап соғысады . Ұрыста Шенгуй жеңіледі де шегінуге мәжбүр болады осы жылы Қытай саяхатшысы Сюан- цзян естеліктерінде жазған болатын.
Сайрамға ҮІІІ ғ. араптар ықпалын жүргізіп, ислам діні таралады. Сайрам мен оның төңірегіндегі қалалар мен қыстақтар халқын мұсылмандандыру Құтайба ибн Мүслім және Ысқақ пан әскерлерінің 714 жылы Шаш пен Сайрамға басып кіруінен басталады. Отқа табынушылар көптеген қарсылықтардан соң ислам дінін қабылдау мен бірге араб жазуында үйренеді .
Исламға дейін Сайрамда болған Ыдырыс пайғамбар мешіті, Қызыр пайғамбар ата-аналарының зиараттары және сарай құрылыстары, жер асты үңгірлері бүгінге дейін сақталып қалған.
Келе – келе Сайрам ислам дінін таратуда , өз төңірегіндегі халықтардың саяси, эканомикалық және мәдени өмірін қалыптастыруда зор рол атқарды. Қарлұқтар көсемі Қадырхан ІХ ғ. бас. Сайрам (бұл кезде Исфижоп, Исфижап деп те атала бастаған) әкімі болып, қаған деген атақ алған еді. Тарихшы және географ Якубий ІХ ғ. бұл өлкеде диқаншылық пен қолөнер жақсы дамыған деп жазады. “Дүние жүзі базарында” атап айтқанда Бағдат қаласындағы базарда Марф, Хорезм, Исфижаптан келген кісілер сауда жасайтыны да айтылған.Осы кезде Исфижаптан Хорезімге дейін үнемі сауда керуені қатынаған . Осы жерден қазан, кетпен, шырақ , құрал – жабдықтары , қол-өнер бұйвмдары, маталарды артып әкететін болған.
Әбу-Райхан Беруний “Қонуний Масъудий” кітабында әлемді жеті белдеуге бөледі де Исфижапты Самарқанд, Шаш, Ферғана, Хорезімдердің қатарында бесінші белдеуге кіргізеді және өз картасында көрсетеді. Біз көрген ҮІ—ҮІІІ ғ- р, ХІ-ХІІ ғ-р, ХІҮ-ХҮ ғ-р, ХҮ-ХҮІІ ғ-р, карталарында Исфижап белгіленген. Якут Хамавийдің жазуынша Исфижап Мәуренахрдағы үлкен қала болып, Түркістан шекарасына жайғасқан. Оның кең аумағы және қалаға ұқсас бірнеше қыстақтары бар еді. Сол бесінші белдеуде Исфижап ең көркем , ең таза, құнарлы жері бар, әдемі талдары бар, сарқырап аққан сулары бар қала еді. Қорасан және Мауренахр қалалары ішінде тек Исфижап қана салық төлемес еді. Себебі, ол шекарада орналасқан , ақша қаражаттарын қорғаныс құрал- жабдықтарын сатып алуға жұмсайтын.