Нашақорлық- әлеуметтік кесел

5.jpg 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қыркүйек айында Қазақстан халқына жолдаған  Жолдауында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды. Жолдауда Президент:

«Синтетикaлық есірткі тұтынaтындaрдың көбеюі ұлт денсaулығынa зор қауіп төндіруде. Қaзіргі aхуaл өте күрделі, соңғы үш жылдa тәркіленген «синтетикaның» көлемі 10 есе aртқан. Уaқыт өткен сaйын есірткі aрзaн әрі қолжетімді болa бaстaды. Нaшақорлaр оны әлеуметтік желі мен түрлі мессенджер aрқылы емін-еркін сaтып алып жaтыр. Есірткіні, тіпті, үйге әкеп беретіндер бaр. Бұл – асa ауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кесел cинтетикалық есірткіні өндіруге және тарaтуғa қaрсы күрес жaлпыұлттық деңгейде жүргізілуі тиіс. Сондықтaн, нaшaқорлықпен және есірткі сaудасымен күресудің кешенді жоспaрын әзірлеу қaжет» деген болатын.

Қазіргі заманның жаһандық мәселесіне назар аудару және тұрғындардың, әсіресе жастардың арасында есірткі заттарын пайдалануға теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Политехникалық колледжі және Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде кездесу ұйымдастырылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Жүргенбаева Назира, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының психиатор-наркологы Раушан Баймұрынова және Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндігі аға жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Қарбеков және Серғали Түркістан Аймақтық Қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестіруші Ержан Абуталиев қатысты.

Жиын барысында ЖИТС орталығының қызметкері кәмелетке толмағандар жастар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат берді. ЖИТС-тің адам өміріне тигізер кері әсерлері мен одан сақтану жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ, сала мамандары жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер