Шымкентте 18 «Жайлы мектеп» салынады

6.jpg 

Шымкентте 9 айда 21 мектеп пайдалануға берілді. Бұл туралы  Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева 2023 жылдың 9 айында басқарма тарапынан атқарылған жұмыстар төңірегінде өткен баспасөз брифингте айтты.

– 2022 жылы 46 мектеп пайдалауға берілді. Оның 5-і мемлекеттік, 41-і жекеменшік мектептер. Ал, 2023 жылы 21 мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде, үш ауысымда оқытатын 3 мектеп мәселесі толығымен шешімін тапты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарлануда 2023 жылы 17 300 орындық 12 мектептің құрылысы басталды,-деді басқарма басшысы Нұргүл Шәмшиева.

Сонымен қатар 13 мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) дайындалды. 2023 жылы 500 орындық Оқушылар сарайы және 150 орындық Саз мектебі пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда Тұран шағын ауданында 500 орындық 1 оқушылар сарайының құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек, 1 колледжге 300 орындық қосымша құрылыс жүргізіліп, 2023 жылы пайдалануға берілетін болады. Ал 9 мекеме ғимараты күрделі жөндеуден өтуде, 4 мектепке спорт алаңшасы орнатылды.

Білім беру ошақтарын жаңа модификацияланған кабинетпен қамту бойынша 105 кабинет орнатылса, 48 кабинет және 299 интерактивті панельдер орнатылды. Нәтижесінде, пән кабинеттер үлесі 72%-дан 85% артып отыр.

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарына 100% арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері, турникеттер, дабыл батырмалары толығымен орнатылып, Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылып, І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен келісім-шарт түзілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер