Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Шымкент қаласының тұрғындарымен, үкіметтік емес ұйымдарымен кездесу өткізді. Жиын барысында экология министрлігі жетекшілік ететін салалардағы мәселелер талқыланды. Бұл туралы Экология және табиғи ресутар министрлігінің баспасөз қызыметі хабарлады.
Жалпы, Шымкент қаласының экологиялық жағдайы тұрақты. Ауа шығарындылардың жылдық көлемі 30-35 мың тоннаны, қалдықтар 250-300 мың тоннаны құрайды.
Қаланың ірі ластаушыларының бірі – «ПетроҚазақстан ОйлПродактс» ЖШС мұнай өңдеу зауыты. Қазіргі уақытта осы зауытта жабдықтарды толық жаңғырту жүргізіліп, бірқатар ірі табиғатты қорғау іс-шаралары іске асырылды.
Бұдан басқа, кәсіпорын 2025 жылға дейін шығарындыларды 20% төмендету бойынша міндеттемелер қабылдады. Ластаушы заттар шығарындыларының лимитін өзгерту жөніндегі жобалау материалдары келісу сатысында тұр.
Жол картасында Шымкент қаласының экологиялық проблемаларын шешу бойынша 29 іс-шара өткізу жоспарланған, оның 10-ы орындалды.
Мысалы, жасыл желектерді паспорттау жүргізілді, кең таралған пайдалы қазбалардың үш кен орнының карьерлері қалпына келтірілді, Шымкент қаласының жеке секторын газдандыру жалғасуда және т.б.
Сонымен қатар, өтініштерді талдау кезінде халықты Қошқарата, Қарасу және Бадам өзендерінің жауын-шашын ағынымен ластануы, сондай-ақ өзендердің су қорғау аймақтарында тығыз құрылыс салу мәселесі толғандыратынын көрсетті.
Алайда, қаланың кейбір шағын аудандарында, жеке үй құрылыстарында орталық канализацияның болмауына байланысты тұрмыстық ағынды сулар жер асты және жер үсті суларын ластайтын шұңқырларға төгіледі. Осыған байланысты, кәріз-тазарту құрылыстарынан алыс аудандарда бұл мәселе қаралады.
Қалдықтармен жұмыс істеу саласында негізгі проблемалар: оларды басқарудың дамымаған инфрақұрылымы; ҚТҚ полигондарының нормаларға сәйкес келмеуі; рұқсат етілмеген полигондардың едәуір саны. Мәселен, биыл космомониторингтің көмегімен өңірде 26 полигон анықталды, олар кейіннен жойылды.
Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғалар үшін қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін айыппұлдар 10-нан 50 АЕК-ке дейін ұлғайтылды (шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары үшін – 100 АЕК, орта кәсіпкерлік үшін – 100% және ірі кәсіпкерлік үшін 200%.