Шымкентте балық шаруашылықтары көбейіп келеді

11.jpg 

Шымкент қаласында қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату көрсеткіші  ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша  – 26,25% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден жоғары (24%). Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Шымкент қаласының тұрғындарымен, үкіметтік емес ұйымдарымен кездесуінде осындай мәлімет жария етілді.

Осы проблемалық мәселелерді шешу үшін Үкімет нақты тапсырмалар берді, оның ішінде барлық өңірлердің әкімдіктеріне коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу де бар.

Экология министрлігі өз кезегінде әкімдіктердің қажеттіліктеріне сәйкес арнайы кәсіпорындарды субсидиялау тетігін қайта іске қосу және ӨКМ шеңберінде өңірлерді материалдық-техникалық жете жарақтандыруды іске қосу жөнінде шаралар қабылдайды.

Орман шаруашылығы саласында Президенттің елді мекендерге 15 млн. ағаш отырғызу бастамасы аясында биыл қалада 120 мың дана ағаш отырғызу жоспарлануда. Жыл басынан бері 25 мың дана отырғызылды.

Балық шаруашылығын дамыту үшін қалалық бюджеттен субсидиялауға 29 млн. теңге бөлініп, 100% игерілді. Балық өсіретін шаруашылықтардың саны артып келеді. Жыл басынан бері 150 тоннаға жуық тауарлық балық өсірілді. Қалада жалпы жобалық қуаты 500 тоннаға жуық африкалық сом, форель және тұқы балық түрлерін өсіретін 4 шаруашылық бар, оның ішінде 2 шаруашылық ағымдағы жылы қолданысқа енгізілді.

Іс-шараға қатысушылардың Министрге сұрақ қоюға және толығымен жауап алуға мүмкіндігі болды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімдігінің, Министрліктің ресми интернет-ресурстары (YouTube, Facebook)  бойынша тікелей трансляция жүргізілді, кейбір қатысушылар «ZOOM» арқылы қосылды.

Сондай-ақ, Ерлан Нысанбаев азаматтарды жеке қабылдап, баспасөз конференция барысында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер