Сыздықбеков «Ордабасыны» салтанатты түрде құттықтады

13.jpg 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков биыл футболдан Ел чемпионатының жеңімпазы болған «Ордабасы» клубын салтанатты түрде құттықтады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Марапаттау кешінде қала басшысы ыстық ықыласын жеткізді.

— «Ордабасы» кәсіби футбол командасы өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды. Бұл — біздің қаламыз үшін маңызды жеңіс. Сіздерді тарихи жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Осы жеңістің арқасында Чемпиондар лигасының іріктеу ойындарына жолдама алып отырмыз, — деді қала әкімі.

Сонымен қатар, қала басшысы: «Ордабасы» командасының әр ойынында стадионымыз жанкүйерге толды. Бұл — қала тұрғындарының футболға деген қызығушылығы артқандығының белгісі. Осы жеңіске жанкүйерлеріміздің осылай қолдау көрсетуінің арқасында жеткенімізді атап өту қажет», — деп, жанкүйерлерге ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ қала әкімі «Ордабасы» ойыншыларына УЕФА Чемпиондар лигасындағы кездесулеріне сәттілік тілей отырып, ел намысын қорғап, Шымкент қаласының мәртебесі мен мерейін асыратындарына сенім артты.

«Көрме» орталығында өткен салтанатты кеште бас бапкер мен жаттықтырушылар арнайы марапатталды.

Айта кетері, жуырда футболдан Қазақстан премьер-лигасының 25-тур ойындары өтті. Шымкенттің «Ордабасы» командасы өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» 3-1 есебімен жеңіп, ұпай санын 58-ге жеткізді. Сөйтіп, тарихта тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды!

Қажымұқан атындағы орталық стадионды жүз пайыз толтырған шымкенттік жанкүйерлер «Ордабасы» командасын марапаттау сәтіне куә болды.

«Ордабасы» 2024 жылы УЕФА чемпиондар лигасында ел намысын қорғайды. Жеңімпаздарға алтын медалдарды  Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков табыс етті. Осындай өңірдің футболын басқарып ел чемпионы атандырған қала әкімі Ғабит Сыздықбековке алтын медальмен қатар 17 нөмірдегі алтын жейде тапсырылды. "Ордабасы» 2024 жылы УЕФА чемпиондар лигасында өнер көрсететін болады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер