Меморандум жаңа белестерге жол ашады

1532665073.jpeg   

 Шымкент өз алдына мәртебе алғаннан бері жан-жақты іскерлік қарым-қатынасы дами бастады. Соның бір дәлелі жақында Шымқала әкімдігі мен Астана қаласындағы Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабтың басқару комитетінің арасында меморандумның түзілуі.. Меморандумға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен өңірлік хабтың басқару комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов қол қойды. Меморандум аясында екі тарап өзара тәжірибе алмасып, ынтымақтастық аясында іс-шаралар мен бағдарламалар үшін ұсыныс жасай алады. Бұған қоса бірлескен ғылыми-зерттеу шаралары ұйымдастырылып, іс-шаралар жоспары түзіледі. «Шымкент қаласындағы мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар үлкен қадаммен алға басады деп ойлаймын. Сондықтан, бүкіл әріптестер атынан, мемлекеттік қызметкерлер атынан алғыс білдіргім келеді. Біз мемлекеттік басқару саласын жетілдіруде ең алдымен халыққа жақын болуымыз қажет. Бізде қызмет істейтіндердің барлығы жастар. Олар оқуға, жұмыс істеуге дайын. Дүниежүзіндегі ең мықты сарапшыларды қаламызда қарсы алып, семинарлар өткізуге дайынбыз. Оның пайдалы жақтары өте көп. Біздің мамандарымыз, басшыларымыз, жәй мамандарымыз шетел тәжірибелерін көріп келсе, біздің жұмысымызға үлкен пайдасы тиер еді, - деді Ғ.Әбдірахымов. Өңірлік хабтың басқару комитетінің төрағасы Ә.Бәйменов те өз кезегінде жаңа міндеттерге байланысты екі жақты әріптестікті дамытуға уәде берді. Яғни алдағы уақытта, мемлекеттік қызметшілерді шетелдердің озық тәжірибелерін сол жерге барып үйренуге немесе халықаралық сарапшыларды қаламызға шақыруға мүмкіндік жасалмақ. Елбасының тікелей қолдауымен құрылған Астана өңірлік хабы – бүгінде 40 мемлекет қатысып отырған үлкен халықаралық ұйым. Енді екі жақты түзілген меморандумға сәйкес, шаһарда алдағы уақытта семинарлар өткізу қолға алынбақ.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер