«AMANAT» әйелдердің мәртебесін көтеруді көздейді

40.jpg 

 «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында мегаполистің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып жүрген әйелдер қауымының активі өтті. Жиынға партия Хатшысы Шолпан Каринова арнайы қатысып, әйелдер қанаты жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды. Бұл туралы партияның Шымкент қалалық филиалы хабарлады.

 «Егемен еліміздің дамуы мен гүлденуіне қыз-келіншектер де лайықты үлес қосып келеді. Бүгінде саясатта, мемлекеттік басқаруда, кәсіпкерлік саласында әйелдердің мүмкіндігі кеңейгенін айта кеткен жөн. Біздің негізгі мақсатымыз – әйел мәртебесін көтеру, олардың ғылымдағы, қоғамдағы рөлін айқындау, отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесу. Сондай-ақ, отбасы құндылықтарын дәріптеу, кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету және басқа да бағыттарды қолға алуды көздейміз», - деді партия Хатшысы.

Жиын барысында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов әйелдер қауымының қоғамдағы рөлін, олардың әрбір саланы дамыту мен нығайтуға қосқан үлесін айрықша атап өтті. Инклюзивті мәдениет пен гендерлік теңдік қалыптастыру – «AMANAT» басымдықтарының бірі екенін, әйелдің қоғамдағы мәртебесін көтеруде партия жанынан құрылған әйелдер қанатының маңызы зор екеніне тоқталды. Ал филиал Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева жиынға қатысушыларға жобаның мән-маңызын түсіндіріп, бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Қазіргі таңда әйелдер қауымы қоғамның барлық саласында табысты қызмет атқарып жүр. Шымкент қаласындағы 30 мыңға жуық партия мүшесінің 68,6 пайызы – әйелдер. Біз әрбір әйелдің еңбегі мен арманына құрметпен қарап, бастамаларын қолдауға әзірміз. Ортақ мақсатқа бірге қадам жасаймыз деп сенемін», - деді Ж.Бектаева.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті басқарма төрағасы, фракция мүшесі Дария Қожамжарова білім мен ғылымдағы әйел рөліне назар аударып, көптеген дерек келтірді.

Сонымен қатар, жиында партия жанындағы аймақтық экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау кеңесінің мүшесі, қалалық «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, қала әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының мүшесі, қалалық «Іскер әйелдер» қауымдастығының құрылтайшысы Жанетта Жазықбаева және партия мүшесі Балмаржан Нарбекова сөз алып, өз ойларын ортаға салды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер